Жаңалықтар 07.09.2021 сағат 14:40

Қазақстанға АЭС қажет пе?

Мамандардың пікірі екіге бөлінді.
Қазақстанға АЭС қажет пе?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЭС салу бастамасын қызу талқылап жатыр. Көбісінің пікірі екіге бөлінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Президент халыққа жолдауында және Шығыс экономикалық форумында атом электр станцияларының қажеттілігі туралы екі мәрте айтып өткен болатын. Бұл тақырыпты бірден мамандар өз талқысына салып, олардың пікірлері бір-бірімен кереғар ұшырасып жатты.

АЭС салу идеясын қолдайтын сарапшылар бүгінгі таңда бұл ең жақсы нұсқа екенін айтады, өйткені біз тұрақты энергия көзіне ие боламыз дейді. Қазірдің өзінде еліміз қыста электр энергиясының тапшылығын сезінуде. Ал 2030 жылға қарай өндірістік қуаттылықты арттырмаса сұраныс тек өсетін болады.

Оның үстіне, Париж келісіміне сәйкес, Қазақстан парниктік газдар бөлінділерін азайтуы қажет. Көмір станциялары экологиялық таза емес екенін, ал жанармай құю станциялары немесе жел диірмендері мен күн батареялары қымбат екенін ескерсек, атом электр станциясы - ең жақсы нұсқа дейді энергетик Петр Своик.

"Желтоқсан айында біз шекті жүктемеден өткенде, бұл кешкі жетілер шамасында еді, күн сайын бізде 500-700 мегаватт тапшылық болатын. Егер біз 2030 жылда әр үйде жарық жанып тұрсын және кәсіпорындарда электрмен жабдықтау сақталсын десек, онда бізде атом станциясынан басқа жол жоқ", – дейді ол.

Алайда атом станциясының салынуына қарсы шығатын азаматтар да жоқ емес. Мысалы үшін, энергетик Әсет Наурызбаев Қазақстандағы АЭС-тен елге тиер бірде бір пайда көрмейді. Бұған алғашқы ең үлкен себеп экономикалық тиімсіздік дейді ол. АЭС -тың бір ғана қондырғысы үшін бес миллиард долларға дейін төлеу қажет болады. Ал ондай қондырғының кемінде екеуі қажет. Осы орайда тұтынушылар үшін киловатт / сағат бағасы да бірнеше есе өсуі мүмкін.

"Біз білетін соңғы нарық мысалы – 12.35 центті құрайтын "Аккую" станциясы. Қосымша кіріс салығы бұл бізде 60 теңге. Сондықтан атом энергиясы арзан деген алдамшы сөзге ерудің қажеті жоқ, керісінше, атом энергиясы өте қымбат, сағатына 60 теңге", – дейді Әсет Наурызбаев.

Әрине АЭС станцияларына қарсы тараптың негізгі аргументі – қауіпсіздік мәселесі. Апат болған жағдайда, Чернобыльде немесе Жапонияның Фукусима қаласында болғанындай, техногендік апатпен аяқталуы мүмкін. Сондықтан мамандар атом электр станциясының орнына жел диірмені немесе күн батареяларын салуды ұсынады. Ал Энергетика министрлігі бұл жоба әлі талқыланып жатқанын айтады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар