$ 498.34  519.72  4.85

Маңғыстаудағы әскери тікұшақтар халықтың зәресін алды (видео)

«Жаңаөзен-Ақтау» тас жолының жиегінде қаз қатар тізіліп тұрған әскери тікұшақтар мен техникаларды тұрғындар бейнежазбаға түсіріп алған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Маңғыстау облысындағы әскери тікұшақтар мен техникалар тұрғындардың үрейін ұшырды, - деп хабарлайды Express Qazaqstan.

"Жаңаөзен-Ақтау" тас жолының жиегінде қаз қатар тізіліп тұрған әскери тікұшақтар мен техникаларды тұрғындар бейнежазбаға түсіріп алған. Сондай-ақ жақын маңдағы ауылдарда тікұшақтар Қазақстаннан Ауғанстанға ұшып барады деген қаңқу сөз таралып жүр.


Express Qazaqstan тілшісі пікір алу үшін Ақтау әскери гарнизонының баспасөз қызметіне хабарласып еді, ауызша пікір білдіруден бас тартып, ресми сауал сұрады.

Express Qazaqstan ҚР Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа ресми сауал жолдады.

Бұл тікұшақтар мен әскери техникалар жауынгерлік әзірлікті тексеру мақсатында дабыл бойынша көтерілген болуы мүмкін. Өйткені 3 қыркүйек күні ҚР Қорғаныс министрі барлық әскери базаларды жоспардан тыс тексеруге бұйрық берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары