$ 444.22  476.38  4.82

Ақтауда бірқазанның қанатын қиып тастады (видео)

Тұрғындар бұрын-соңды Маңғыстауда мұндай құстың жүрмегенін айтып жарыса жазып жатыр.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

14-шағынаудандағы жағалауда жүрген бірқазан құсын тұрғындар суретке түсіріп алып, әлеуметтік желіге жариялаған деп хабарлайды, Express Qazaqstan.

Тұрғындар бұрын-соңды Маңғыстауда мұндай құстың жүрмегенін айтып жарыса жазып жатыр.

"Мүмкін емес, қайдан жүр?", "Қалай келді екен, бізде экология нашарлап жатқасын теңізге жақындаған шығар", "Маңғыстауға соңғы кезде түрлі құстар ұшып келіп жатыр, мүмкін ауа тазарған шығар",деген сияқты пікірлер бар.

Ал, эко-амбассадор, "Табиғи орта" Батыс Қазақстан ҮЕҰ өңірлік ассоциациясының кеңес төрағасы Әділбек Қозыбақов жаңалықты көре сала, құсты алып кетуге барған.

"14-ші шағынаудандағы құрылыс маңында жүр деп естідік. Барған соң ол жерде күзетшілер қанаттары кесілген бұйра бірқазанның (Халықаралық Қызыл тізімде) балапанын қамқорлыққа алған екен. Ветеринарға апардық. Бір өкініштісі, қанаттары қайшымен қолдан қиылған. Жас балапан болғасын, қанаты 1 жылдан кейін өседі. Егер дәрігер құсты енді ұша алмайды десе, Алматының зообағына жіберу керек болады. Бізде "бірқазанды" ұстайтын жер жоқ", — дейді Әділбек Қозыбақов.

Бірқазан қолға үйренген, адамдардан үркімейді. Сондықтан эколог құс балапан кезінен үй ауласында өсірілгенін айтады.

Құстың иелері әдейі қанатын ұшып кетпесін деп, қайшымен қиған болу керек, - дейді Әділбек Қозыбақов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары