$ 443.85  474.3  4.8

Миллиондаған адам WhatsApp-сыз қалуы мүмкін

Яғни, миллиондаған адам жақындарының хабарламаларына, олардың фото-видеоларына қол жеткізе алмайды деген сөз.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

WhatsApp мессенджері 1 қарашадан бастап iOS және Android бағдарламасының ескі нұсқасы қолданылып жүрген смартфондарда өз жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

WhatsApp қосымшасы Android 4.0.4 нұсқасы қолданылатын смартфондарда және iOS 9 нұсқасы бар телефондарда жұмысын тоқтатады. Яғни, миллиондаған адам жақындарының хабарламаларына, олардың фото-видеоларына қол жеткізе алмайды деген сөз.

Мұндай жағымсыз жаңалық iOS 9-ы бар iPhone иелерін де айналып өтпейді. Сондықтан WhatsApp ескі смартфондар ұстаған жандарға жаңа телефон алуға немесе керек деректерді сақтап алуға кеңес береді.

Сонымен WhatsApp-сыз қалатын қандай смартфондар?

• Samsung Galaxy S3 Mini, Trend II, Trend Lite, Core, Ace 2;

• LG Optimus F7, F5, L3 II Dual, F7 II, F5 II;

• Sony Xperia;

• Huawei Ascend Mate, Ascend D2;

• Apple iPhone SE, 6S, 6S Plus.

Барлығын қосқанда 43 -ке жуық құрылғы WhatsApp-сыз қалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары