09.09.2021, 04:38

Теміртау қаласында жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды

Ол Теміртаудан Оралға кетіп қалған.

Теміртау қаласында жоғалып кеткен жасөспірім қыз Батыс Қазақстан облысынан табылды, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бәйтерек ауданының тәртіп сақшылары ата-анасымен ұрсысып, үйінен кетіп қалған 2005 жылғы қызды тапты. Ол Теміртаудан Оралға кетіп қалған.

Полицейлер Теміртаудағы әріптестерімен хабарласып, қыздың бір аптадай уақыт бұрын үйінен кетіп қалғанын, қазір іздеуде екенін білді. Ата-анасына да қыздарының аман-сау, Оралдағы қиын жағдайға тап болған балаларға арналған бейімдеу орталығында екендігі хабарланды.

Енді БҚО полиция департаменті қызметкерлерінің ықпал етуімен жасөспірім қыз Теміртаудағы ата-анасының қолына тапсырылады.