$ 448.89  477.93  4.76

Атырауда көпірді шәйнекпен жамап жатыр (видео)

13 тамыздан бастап Балықшыдағы көпір жөндеуге жабылған болатын. Бұл көпір жөндеуді көптен күткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырауда көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар жолдың тесіктеріне шәйнекпен сұйықтық құйған бейнежазба тарады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

13 тамыздан бастап Балықшыдағы көпір жөндеуге жабылған болатын. Бұл көпір жөндеуді көптен күткен. Бірақ қазіргі бейнежазбадан кейін көпшілік жасалып жатқан жұмыстың сапасына қатысты күмән келтіре бастады.

"Жөндеуді осылай жасайды. Супер!" — деп мысқылдайды бейнежазба авторы.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары "Бұл шәйнек қанша миллион тұрады және оның бағасы жөндеу жұмыстарының құнына қосылған ба?" деген секілді қыжыртпа сұрақтар қойып, көпіржамаушыларды күлкіге айналдырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары