Ақтауда қанаттары қырқылып, теңіз жағалауынан табылған бірқазанды Алматыға апару үшін есепшот ашылды, - деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Осыған дейін 14-шағын ауданда елімізде сирек кездесетін бірқазанның жүргенін жазған болатынбыз.
Құстың қанаты қайшымен қиылған, ұша алмайды. Сондықтан жергілікті эколог Әділбек Қозбақов Алматыдағы хайуанатттар бағына апару керектігін айтқан болатын. Әзірге 1 апта қалада болады.
"Өкінішке қарай, қанаттары қиылғандықтан өздігімен ұша алмайды. Сондықтан Алматының зообағына жеткізу мәселесін шешіп жатырмыз. Ұшақпен тасымалдау үшін ақша керек. Сол қаражатты жинау мақсатында халықтан көмек сұрап жатырмыз. Есепшот ашылды.Қаражат құстың жеміне, емдеуге, авиабилетке кетеді",-деді Әділбек Қозыбақов.