$ 494.87  520.65  4.91

Әлем елдерінде сабақ қандай форматта жүріп жатыр

Кейбір шет елдердің бәрінде мектепте эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау шарттары ұқсас. Дегенмен, мектеп фомасына, оқушылардың тамақтануына және вакциналау мәселесіне байланысты аздаған айырмашылықтар бар.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Корея Республикасы, Сингапур. Бұл елдер де жаңа оқу жылын Қазақстан сияқты дәстүрлі форматта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біз атаған елдердің бәрінде мектепте эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау шарттары ұқсас. Дегенмен, мектеп фомасына, оқушылардың тамақтануына және вакциналау мәселесіне байланысты аздаған айырмашылықтар бар. Төмендегі кестеде осы айырмашылықтар көрсетілген. Қазақстанда және шетелде мектептегі сабақ форматы.

Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен UNICEF әлем елдерін жаңа оқу жылында мектептердің жабылуына жол бермеуге және пандемия жағдайында оқу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырған болатын. Соның аясында мынадай ұсынымдар берген:

1. Мектептердің жабылуын тек төтенше шара ретінде қарастыру. Яғни, карантин күшейтіліп, кейін жеңілдетілген жағдайда мектептер ең соңында, бірінші кезекте ашылуы керек.

2. ПТР-тестілеуге қатысты стратегиялардың іске асуын қамтамасыз ету.

3. Тәуекелді азайту жөніндегі тиімді шараларды қамтамасыз ету.

4. Балалардың психикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қорғауды қамтамасыз ету.

5. Осал таптағы балаларды барынша қорғау.

6. Мектеп ортасында оң өзгерістерді қамтамасыз ету.

7. Мектептерді карантинге жабу мәселесінде балалар мен жасөспірімдерді шешім қабылдау процесіне қатыстыру.

8. Мектептердің жабылуына жол бермеуге бағытталған вакцинацияға қатысты стратегияларды іске асыру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары