Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың «йота» штамы қаншалықты қауіпті екенін айтты.
Оның айтуынша, «йота» штамы қарт адамдар арасында коронавирустан болатын өлім-жітім деңгейін арттыруы мүмкін. Былты Нью-Йорк қаласында табылған «йота» шатымының жұқпалылығы Ухан вирусына қарағанда 15% жоғары екен.
«Қауіпті штамм әлемнің 27 елінде анықталды. Бұл штамм туралы көп мәлімет бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да алаңдап отыр. Көбінесе 65 жастан асқан адамдар зардап шегеді»,- дейді Жандарбек Бекшин.
Алайда, Жандарбек Бекшин Қазақстанда тіркелген коронавирустың «дельта» штамы «йота» штамына қарағанда қауіпті екенін айтты.
Бас санитар дәрігердің айтуынша, «дельта» штамы нұсқасы тез жұғады әрі патогенділігі өте жоғары.