Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Серікқали Брекешевті жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұған дейін Брекешев экология вице-министрі қызметін атқарған.
Жаңа министр:
2015 жылы – Техникалық саясат департаментінің директоры, «ҚазТрансГаз» АҚ ГТС басқаруы бойынша басқарушы директор; 2015-2016 жылдары – «ҚазТрансГаз» АҚ Техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор; 2016-2018 жылдары – «ҚазТрансГаз» АҚ өндірістік -техникалық департаментінің директоры; 2018-2020 жылдары – «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының техникалық саясат жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен.Бұрынғы экология министрі Мағзұм Мырзағалиев 9 қыркүйекте ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды.