$ 494.87  520.65  4.91

«Адам өлтірген мұғалім» атанған ұстаз жұмыстан шығарылды

Белгісіз жағдайда қайтыс болған 82 жастағы ақсақалдың денесін жиені жер қойнына тапсырмай, қорада сақтаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында ата-аналар наразылығынан кейін, өзінің өлген нағашысының денесін бірнеше ай бойы қорада сақтаған мұғалім жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында болған жантүршігерлік оқиға осыған дейін хабарланған болатын. Белгісіз жағдайда қайтыс болған 82 жастағы ақсақалдың денесін жиені жер қойнына тапсырмай, қорада сақтаған.

Ауылдағы орта мектепте биология пәнінен сабақ беретін ұстазды полиция күдікті ретінде қамауға алғанымен, кейін оны босатып жіберген. Мұғалім ауылға қайтып, биылғы жаңа оқу жылында мектепте жұмысын жалғастырады. Оның бұл ісі ата-аналардың наразылығын тудырды.

Ата-аналар шағымынан кейін педогогикалық кеңес шақыртылып, ұстаз ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан шығарылды, - деді білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары