$ 494.87  520.65  4.91

«Алматыда үш айлық қызды анасының көңілдесі зорлаған» – қоғам белсендісі

Оқиға болған күннен бері бір жыл өтсе де, баланың жыныстық мүшесі дұрыс жазылмаған. Қазір сәби Оксанамен бірге тұрады, қанша күтіп бақса да, жарасы жазылмаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Adil қоғамдық қорының негізін қалаған Оксана Маралова Express Qazaqstan тілшісіне Даша есімді үш айлық қызды туған шешесінің көңілдесі зорлап кеткенін жеткізді.

Оқиға 2020 жылдың жазында болған. Оксана Маралова көшеде келе жатып, арбада жатқан баланы көрген. Жанында қайыр сұрап жүрген екі ағасы бар екен.

Айнабұлақ ауданында қайырымдылық өткізіп жүргенбіз. Арбадағы баланы көрдік. Екі ағасы оған айран, сүт алып беру үшін қайыр сұрап отыр екен. Көршілердің айтуынша, бала үш күн дұрыс тамақ ішпеген, - дейді Оксана.

Оның айтуынша, үш айлық сәбидің жағдайы мүлдем нашарлап кеткен.

"Оның ағалары 9 және 12 жаста еді. Олар сабаққа бармаған, сондықтан, мен балаларды қамқорлық мекемесіне алып кеттім. Дәрігерлерді шақырып, оларды қараттым. Кейін туған аналарына хабарласып, қайда екенімізді айттым. Бірақ анасы балаларын алып кетуге асықпады. Біраздан кейін келемін деді де қойды", — дейді Оксана.

Дәрігерлер үш айлық қыздың жүрегінде сырқаты бар екенін анықтаған. Дем ала алмай, тұншыға берген бала ауа жетпегендіктен, көгеріп кеткен.

"Біз бірден ақылы клиникаға апардық. Жалпы, оның жүрегін емдету үшін төрт ай ауруханадан шыққан жоқпыз. Операцияның алдында, баланы әкеле сала дәрігер оның жөргегін ауыстырмақ болды. Сол кезде сәбидің жан дауысы шықты. Осылайша, біз операция жасамай тұрып, баланың зорланғанын анықтадық.

Оның жыныстық мүшелері сәбидің жыныстық мүшесіне ұқсамады. Бәлкім, геморрой шығар деп ойладық. Бірақ, анықталғандай, қызды біреу зорлаған екен. Оның жыныстық мүшелері жыртылып, кейін дұрыс қалпына келмеген, - дейді сұмдық жайтты мәлімдеген Оксана.

Оның айтуынша, содан бері бір жыл өтсе де, баланың жыныстық мүшесі дұрыс жазылмаған. Қазір сәби Оксанамен бірге тұрады, қанша күтіп бақса да, жарасы жазылмаған.

Бала үлкен дәретке барарда жан дауысы шығады. Клизма қоямыз, әйтпесе, үлкен дәретке бара алмайды, - дейді ол.

Періште сәбиге мұнша зорлық көрсеткен адам кім болуы мүмкін деген сұрағымызға Оксана ойланбастан оның туған анасының көңілдесі деп мәлім етті.

"Анасы азғындыққа түскен. Мысалы, таксиде танысқан еркекпен бірге кетіп, үш күн, тіпті бір апталап, сол еркектің жанында жүре береді. Балалары өз жайында. Мен Дашаны сол көңілдесі зорлады дегенді сеніммен айта аламын. Полицияға арыз жазбақ болдым, бірақ, олар әзірге бала толықтай құжат түрінде менің асыруымда болмаған соң, арызымды қабылдаған жоқ", — дейді Оксана.

Оксана қыздың туған шешесін полицияға ертіп барған. Бірақ тасжүрек ана көңілдесінің үстінен арыз жазудан бас тартыпты. Арақ ішіп алып, бір рет зорласа зорлаған шығар. Бірақ мен оны сүйемін ғой, арыз жазбаймын, - деп полицияның көзінше арыз жазудан бас тартқан.

"Қызын сол адамның зорлағанын біле тұра, арыз жазбаймын дейді. тіпті, әлі күнге дейін сол еркектің жаныда. Полициядан қайыр болмаған соң, Түркісіб ауданындағы балалардың қамқорлығымен айналысатын органдарға бардым. Олар да аса мән бермеді. Маған "өзіңнің бес балаң бар, соларды асырап алсаңшы" дегендей сөздер айтты. Осыған сенесіз бе", — дейді қоғам белсендісі.

Бірақ, Оксана енді Дашаны анасына да, қамқоршы органдарға да бермеймін деп отыр. Өйткені анасына берсе, көңілдесі балаға тағы да зорлық көрсетеді деп ойлайды.

"Анасы азғындыққа салынғанына бәрі куә. Операция жасату үшін Дашаны үш айға ауруханаға жатқызған кезде, құжаттағы шешесі қасына жату керек еді. Бірақ дәрігерлер оны ауруханаға кіргізбей тұрып, тексерді. Сонда, Дашаның туған анасынан жыныстық жолмен таралатын өте көп ауру табылды. Хирург маған келіп, "анасы ауруханаға жатып, іш киімін бір жерге тастаса, бүкіл бөлімшеге сол инфекциялық ауру тарайды" деді. Сондықтан мен күтуші жалдадым", — дейді Оксана.

Оксананың сөзіне сүйенсек, кеше, 9 қыркүйек күні сот отырысы өткен. Сот балалардың туған шешесі үшеуін асырай алатындай жағдайын дәлелдеу керек деген шешім шығарды.

Ол дәлелдесе, үлкен ұлдарын қамқорлық мекемесінен, ал Дашаны менен алып кетеді. Бірақ мен бермеймін. Сотқа тағы арыз жазып, әйелді ана құқығынан айырамын. Қазір осы мәселеге назар қойып жатырмыз,— дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары