11.09.2021, 03:09

Ақтөбе облысында жолаушылар пойызына кран құлады

Фото: ашық дереккөз
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Ақтөбе облысындағы Шоқысу станциясында жолаушылар пойызына жүк краны құлады. Нәтижесінде 13 вагонға зақым келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысында жүк пойызына тиелген кранның жебесі қарсы жолмен келе жатқан Тальгоның ондаған вагонына зақым келтірді. 

Ресми мәліметке сәйкес, 9 қыркүйекте Ақтөбе жол бөлімшесінің Шоқысу стансасында жүк пойызының 26-шы вагонына тиелген кран жебесінің конструкциясы қозғалып кетіп, көрші жолдағы жолаушылар пойызының локомотиві мен вагондарын сырып өткен.

"Атап айтқанда №77 "Алматы-2 – Маңғыстау" жолаушылар пойызының локомотиві (шанағы, буферлік шамы сырылған) мен 13 вагонға зақым келген. Соның ішінде 2 вагонда терезелер сынған, 2 вагонда тұтқалар жұлынған", – дейді компания мамандары.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.