$ 498.34  519.72  4.85

Коронавирустан тағы 105 адам қайтыс болды

1 316 адамның жағдайы ауыр.

Кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 105 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

9 қыркүйекте ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 84 адам коронавирустан, ал ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 21 адам пневмониядан қайтыс болған.

11 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде жалпы 79 884 адам коронавирус инфекциясынан (71 716 КВИ+ және 8 168 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

16 528 пациент стационарда,
63 356 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

 1 316 адамның жағдайы ауыр,
 346 пациенттің жағдайы өте ауыр,
 193 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Ал 2021 жылғы 11 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін  7 044 876 адам, II компонентін 5 871 229 адам салдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус