Жаңалықтар 11.09.2021 сағат 14:49

Елімізде вакцина алғандар саны жеті миллионнан асты

Естеріңізге сала кетейік, аптаның басында вакцина алмағандарды тексерудің алгоритм бекітілген болатын.
Елімізде вакцина алғандар саны жеті миллионнан асты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

11 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін 7 044 876  адам, II компонентін 5 871 229 адам салғызды. 

Естеріңізге сала кетейік, аптаның басында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында вакцинациялау бойынша жүргізілетін рейдтердің алгоритмі мақұлданды.

Алгоритмді денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы әзірледі. Енді мониторингтік топ рейд барысында кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып-алмағанын тексереді.

Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 60%-тен төмен кәсіпорындардың тізімі жобалық кеңсенің Вакцинация картасы негізінде жасалады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар