Жаңалықтар 11.09.2021 сағат 17:11

Полицияның қылмыстық топты ұстау сәті ВИДЕОҒА түсіп қалды

Он адамнан тұратын топ мүшелерінің өз рөлдері болған. Бірі ұрлаған, екіншісі сатқан, үшіншісі жалған құжат жасап берген.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Павлодар облысында құрамында 10 адам бар ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, хабарлайды Polisia.kz. 

Әр топ мүшесі рөлі болған - бірі ұрылар, екіншісі сатушылар, қажетті құжаттарды жинағандардар бар, сонымен қатар топ құрамына ветеринарлар да кірді.

Олар  Екібастұз қаласында ұсталған. Полицияның қылмыстық топты ұстау сәті видеоға түсіп қалды.

ВАЗ 21099 маркалы автокөлікті тексеру кезінде сиыр еті, металл электронды таразы, ал Audi маркалы автокөліктен ветеринариялық анықтамалар табылды. 

"Олар келесі схема бойынша әрекет етті: аптасына бір рет, демалыс күндеріне жақын Екібастұз ауданының ірі шаруа қожалықтарының бірінен екі бас ірі қара малды ұрлап, содан кейін демалыс күндері қала базарларында және үйде ет өнімдерін сатқан. Анықталғандай, күдіктілер бұрын ет өнімдерін сатумен айналысқан, тұрақты клиенттері болған, сондықтан олардың етті өткізуі азаматтарда күдік тудырмаған", – деді Нұрлан Мәсімов.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-1-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұсталғандар Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық топқа бірқатар мал ұрлығы мен оны сату бойынша айып тағылды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар