Жаңалықтар 11.09.2021 сағат 19:29

Байзақтағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды

Жарылыс кезінде жоғалып кеткен тағы бір адам іздестіріліп жатыр.
Байзақтағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші бүгін, 11 қыркүйек күні қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1993 жылғы өрт сөндіруші бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын.

«Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адам болды. Оның ішінде азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор бар. Жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр», - делінген ҚР ТЖМ баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 17 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды. Тағы бір адам іздестіріліп жатыр.

Қаза болғандардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар.

Бірнеше адамның өліміне әкелген жарылыстан кейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті. Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Қорғаныс министрі лауазымына Мұрат Кәрібайұлы Бектанов тағайындалды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар