Жаңалықтар 11.09.2021 сағат 20:43

Қарағанды облысында 14 млн теңгенің тендерін ұтқан кәсіпкер жоғалып кетті

Із-түзсіз жоғалған азаматты іздеуге ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгел жұмылдырылды.
Қарағанды облысында 14 млн теңгенің тендерін ұтқан кәсіпкер жоғалып кетті
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағанды облысында 8 күн бұрын жоғалып кеткен ер адам әлі табылмады. Іздестіру жұмыстары облыстық Полиция департаменті басшысының жеке бақылауын алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жұма, 3 қыркүйек күні вахталық жұмысқа кеткен 39 жастағы қарағандылық жоғалып кетті. Ол жұмысына бармаған. Жоғалған азаматтың туған-туыстары ол соңғы рет Қаражал қаласынан хабарласқанын хабарлаған. Қазіргі уақытта жігітті іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оны облыстық Полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин жеке бақылауына алғанын Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

«Із-түзсіз жоғалған азаматты іздеуге ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгел жұмылдырылды. Қазіргі уақытта облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы, Жаңаарқа ауданы, Қаражал қалалық Полиция бөлімі қызметкерлерінен құралған іздеу топтары жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ азаматты іздеу жұмысына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен еріктілер тобы да жұмылдырылды. Сонымен қатар іздестіру жұмысына әуеге тікұшақ көтерілді. Бұл бағыттағы жұмыс бақылауда», - деп жазылған департамент басшысының жеке парақшасында.

Өңірдің танымал блогері де Facebook парақшасында осы жағдай туралы жазба жариялаған. Онда ол жоғалған жігіт биыл 14 млн теңгеге тендер ұтқанын тілге тиек етеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар