$ 494.87  520.65  4.91

Франция «Талибан» үкіметін мойындаудан бас тартты

7 қыркүйекте Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланғанын айта кетейік.
Фото: dw
Фото: dw

Ресми Париж Ауғанстанның жаңа құрылған үкіметін мойындамайтындықтарын мәлімдеді, деп хабарлайды Express Qazagstan.

Ria.ru басылымының жазуынша, Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан тәліптер құрған Ауғанстанның жаңа үкіметін мойындаудан бас тартатынын мәлімдеген. Айтуынша, бұған бірнеше себеп бар.

1. Тәліптер бұрын берген уәделерін орындамаған

2. Әйелдердің құқығын шектемейміз деген сөздерінде тұрмаған

3. Ауғанстаннан кез-келген азамат еркін шыға алады деген әңгіме сөз жүзінде қалған

4. "Әл-Каида" лаңкестік ұйымымен ынтымақтастықтарын бұзбаған

Міне, осы осы себептерге байланысты Ле Дриан Ауғанстанмен Франция арасында қарым-қатынас болмайтынын жеткізді. Өйткені тәліптер осыған дейін үйіп-төгіп берген уәделерінің бірін де орындамаған.

7 қыркүйекте Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланғанын айта кетейік. Уақытша үкіметтің тізгінін тәліптердің бірінші билігі кезінде сыртқы істер министрі болған және 2001 жылдан бері БҰҰ санкциясында болған Мохаммад Хасан Ахунд ұстады.

Әмір Хан Мутаки Сыртқы істер министрлігінің басшысы болып тағайындалса, Мұхаммед Якуб Қорғаныс министрі, ал молда Сараджуддин Хаккани Ішкі істер министрі болды.

Үкімет басына келгендердің барлығы "Талибан" қозғалысының мүшелері.

"Талибан" қозғалысы — Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары