$ 494.87  520.65  4.91

Экс-полицей қызметіне оралу үшін емшіге 1,5 млн теңге берген

Түркістан облысында 59 жастағы емші экс-полицейді алдағаны үшін сотталды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Түркістан облысында 59 жастағы емші экс-полицейді алдағаны үшін сотталды. Әйел бір жарым миллион теңгеге оның қызметін қалпына келтіруге уәде берген. Бір жыл күткеннен кейін бұрынғы полиция қызметкері арыз жазды. Емші кінәсін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Тұрар Рысқұлов ауылында тұратын емшіні табу журналистерге қиын болған жоқ, бірақ әйел сөйлесуден бас тартты. Көршілері оны шөппен емдеуші ретінде таниды екен. Айтуларынша, оның қызметтері үлкен сұранысқа ие. Тіпті, адамдар басқа аймақтардан келеді.

Сотта әйелдің бұрынғы полицейден бір жарым миллион теңге алғанын, оның 2020 жылдың басында қызметке қайта келуі туралы айтқанын мәлімдеді. Бірақ пандемия кедергі келтірді ме, әлде емшінің күші жетпеді ме, әйтеуір іс оңға баспады. Нәтижесінде бұрынғы тәртіп сақшысы полицияға арыз жазды. “Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалып, сотқа жіберілді. Емші кінәсін мойындады.

“Оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Бұдан басқа, сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 1 миллион 500 мың теңге сомасында материалдық залал өндіріледі”, – деді Түлкібас аудандық сотының судья-үйлестірушісі Тұрабай Болатбек.

Заңгерлер бұл істі прецедент деп атауға болады дейді, өйткені экстрансенстің кінәсін дәлелдеу мүмкін емес. Олармен паранормальды қызмет көрсету туралы шарттар жасалмайды.

Ал психологтар дәстүрлі емес әдістерге деген сұранысты заманауи адамның ғажайыпқа деген сенімімен байланыстырады.

“Сиқыр туралы барлық ертегілерге сеніп, тұзаққа түсеміз. Алданғанымызға қуанамыз”, – деді психолог Герман Владимиров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#полицей #емші