13.09.2021, 11:00

Мыңдаған ауған қызылшаға байланысты Германияның әуе базасында қалып қойды

Фото: ашық дерекөз
Ақ үй өкілі Джен Псаки олар қазір карантинге жатқызылғанын хабарлады.

9 мыңнан аса ауған қызылшаның өршуіне байланысты Германиядағы америкалық базада қалып қойды, АҚШ-қа эвакуациялық рейстер тоқтатылды, - деп хабарлайды Deutsche Welle басылымы. 

Үкімет АҚШ-қа қонған төрт ауғаннан қызылша анықталғаннан кейін рейстерді тоқтатты. Ақ үй өкілі Джен Псаки олар қазір карантинге жатқызылғанын хабарлады.

Осыдан кейін АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы (CDC) 9 мың ауғанстандық орналасқан Рамштайн әуе базасынан барлық басқа рейсті тоқтатты. Сондай-ақ, Рамштайн базасында қызылша тіркелмегені хабарланды. 

Псаки АҚШ-қа кіретін ауғандар қызылшаға қарсы екпе алуы керегін айтты. Рамштайн шенеуніктері эвакуацияланушылар ұшаққа отырмас бұрын Германияда вакцина салдыру мүмкіндігін талқылап жатыр. 

Басылым мәліметінше, тағы 57 ауған босқыны Ұлыбританияға кіргізілмеген. Франкфурт-на-Майне әуежайындағы ұлыбританиялық билік бұл ақпаратты растады және ауғандар британдық аралдарға ұшу үшін кіру талаптарына сай болмағанын мәлімдеді.

"Гуманитарлық себептерге байланысты қазір Франкфурт маңындағы Гиссенде 57 адам бар", - делінген хабарламада.