Шығыс Қазақстан облысының полицейлері рейд барысында мал ұрлығымен айналысқан Ұлан ауданының 31 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол жайылымда жүрген ірі қараны қолды қылып, кейін сатып жіберіп отырыпты. Ол жеңіл көлігіне тұтас жылқыны тірідей салып ұрлап бара жатқан жерінен қолға түсті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтің айтуынша, күдіктіге қатысты ҚР ҚК 188-1 бабы (мал ұрлығы) бойынша іс қозғалған. Бұл бапта 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.