Жаңалықтар 13.09.2021 сағат 15:00

Білім министрлігі желіні шулатқан ақпаратқа түсініктеме берді

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалардың тізімін де жинамайтынын хабарлады.
Білім министрлігі желіні шулатқан ақпаратқа түсініктеме берді
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Білім министрлігі вакциналауға 12 жастан асқан мектеп оқушыларының тізімдерін жинау туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Бұл туралы Orda.kz. хабарлады.

Әлеуметтік желілерде Қызылорда облысы Жалағаш ауданының білім бөлімінің басшысы қол қойған, мектеп директорларының атына жазылған құжат пайда болды. Құжатта 12 жастан асқан балаларға екпе егу жоспарланып отыр, мектеп оқушыларының тізімдері 9 қыркүйекке дейін тапсырылуы тиіс делінген.

Білім министрлігі желіні шулатқан ақпаратқа түсініктеме берді
Білім және ғылым министрлігі Orda.kz сайтына министрліктің құжатқа қатысы жоқ екенін айтты.

– Ешқандай бұйрық болмады,  оған біздің ешқандай қатысымыз жоқ, – деді министрліктің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалардың тізімін де жинамайтынын хабарлады.

– Біз ешқандай тізім жинамаймыз, бізде ақпарат бар. Біз тек жүкті әйелдер мен 12 жастан асқан балаларға осы жылдың төртінші тоқсанында вакцина егуді жоспарлап отырмыз. Америкалық Pfizer компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Барлығы тек ата-ананың келісімімен болады, біз ешкімді мәжбүрлемейміз, – деп сендірді департамент өкілі Ержан Байтанаев.

Еске салсақ, шілдеде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Pfizer екпесі келген бойда ата-аналар балаларына екпе салдыруға ниетті деген болатын. Екпе 12 жастан асқан мектеп оқушыларын иммунизациялауға қолданылады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар