$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстанның тағы бір өңірінде QazVac вакцинасын өндіретін кешен пайда болды

Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі болып саналады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, «Антиген» ғылыми өндірістік кешен «OtarBioPharm» ЖШС жанындағы биофармацевтикалық зауытпен қатар, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген QazVac қазақстандық вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды, деп жазады stan.kz.

Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі болып саналады. Институт «Антиген» алаңын пайдалана отырып, медициналық вакциналарды, оның ішінде QazVac шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты.

Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды.

Қыркүйек айында қуаты айына 1 миллион дозаға дейін жететін «Антиген» алаңында  QazVac вакцинасының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды.

Халықаралық сапа стандарттары кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары