Бүгін Нұр-Сұлтанда ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 2021 жылғы 14 қыркүйекте Нұр-Cұлтан қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.