Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы екі аптада Қазақстанда коронавирустың таралуы 35 пайызға төмендегенін айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
"Өткен аптада Қазақстанда аурушаңдық деңгейі 14 пайызға төмендеді, 31 мың адамнан 25 мыңға дейін қысқарды. Аурудың тұрақты төмендеуі байқалады", – деді министр үкімет отырысында.
Ол аурудың оң динамикасы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында көрсетілгенін айтты.
– Соңғы екі аптада республиканың 5 облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшті, олар: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Түркістан облысы «жасыл» аймақта орналасқан. Қалған 11 облыс «қызыл» аймақта, – деді Цой.
Министрдің айтуынша, эпидемиологиялық жағдайдың оң динамикасы ауруға шалдыққандармен салыстырғанда сауығып кеткен науқастардың санының артуын көрсетеді. Соңғы аптада сауығып кеткен науқастардың саны аптаның ішінде аурушаңдыққа қарағанда 1,5 есе көп.