$ 494.87  520.65  4.91

Көк байрағымызды қорлап, қоқысқа тастаған кім ?

Белгісіз біреулер байрағымызды күл-қоқыс жәшігінің жанына іліп кеткен.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Көкшетауда мемлекеттік туды қоқысқа тастаған адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Оқиға 10 қыркүйек күні Көкшетауда Елемесов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Белгісіз біреулер байрағымызды күл-қоқыс жәшігінің жанына іліп кеткен.

Көкшетау қалалық ІІБ мәліметінше, айтылған мекенжайға барған тәртіп сақшылары көк туды таппаған. Алайда сол ауланың тұрғындары туды түскі сағат 14:00 шамасында қоқыс маңынан көргендерін растаған. Қазір осы іске қатысы бар адамдар іздестірілуде. Анықталған жағдайда жауапкершілікке тартылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары