$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда ірі көлемде пара алған шенеунік ұсталды

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Түрксіб ауданында шенеунік пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды.

Бұл ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«2021 жылғы 7 қыркүйекте департамент Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаевты «Қазақ саңыраулар қоғамы» №2 оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Л.Ы. Дауылбаевадан 3,7 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін ұстады. Ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған», - деп жазылған хатта.

Сот шешімі бойынша Константин Воропаев 2 айға қамауға алынды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары