$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтан-Шымкент ұшағында жолаушы қайтыс болды

Компания мәліметінше, алдымен экипажға бір жолаушы ауырып қалғаны және шұғыл көмек қажет екені хабарланған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Нұр-Сұлтаннан Шымкентке шыққан ұшақ бортында жолаушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 14 қыркүйекте Qazaq Air компаниясына тиесілі ұшақта болған. Компания мәліметінше, алдымен экипажға бір жолаушы ауырып қалғаны және шұғыл көмек қажет екені хабарланған. Бұл эшелонда ұшу кезінде белгілі болған.

"Бортсерік жақындаған кезде жолаушы есінен танып қалған. Тексеру кезінде оның пульсі мен тыныс алуы баяулаған. Ол бұл туралы әуе кемесінің командиріне хабарлады. Бортсерік жолаушылардан көмек сұрады. Рейісте дәрігер болған, ол жолаушыға көмектесуге тырысты", - делінген Qazaq Air хабарламасында.

Аға бортсерікпен бірге жолаушыға жүрек-өкпе реанимациясы жасалған. Осы кезде ұшақ командирі жақын жердегі әуежайға шұғыл қонуды ұйғарды. Ең жақыны Жезқазғанның әуе айлағы еді.

"Әуе қозғалысының диспетчерлері арқылы экипаж оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады және жедел жәрдем шақырды. Жезқазған әуежайына қонғаннан кейін ұшаққа келген дәрігерлер жолаушы қайтыс болғанын мәлімдеді. Qazaq Air әуе компаниясы жолаушының отбасы мен жақындарына көңіл айтады", - деді әуе компаниясының баспасөз қызметі өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары