$ 447.4  477.55  4.76

Жириновский тікелей эфирде күлкі болды (видео)

Сайлауалды дебат жүріп жатқанда, саусағын безеп сөйлеп тұрған саясаткердің ышқыры босап, шалбары сырғып кеткен.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

РФ Мемлекеттік думасының депутаты, Ресей либералды-демократиялық партиясының (ЛДПР) көшбасшысы Владимир Жириновский тікелей эфирдегі пікірсайыс кезінде абыройсыз болды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл жағдай федералдық ТВЦ арнасы ұйымдастырған тікелей эфир кезінде болған. Сайлауалды дебат жүріп жатқанда, саусағын безеп сөйлеп тұрған саясаткердің ышқыры босап, шалбары сырғып кеткен.

"Коммунистерді оңдырмай сынап тұрған саясаткер шалбары шешіліп, не айтып тұрғанын ұмытып қалды" деп жазады Telegram желісіндегі ресейлік Москвач саяси-ақпараттық парақшасы.

Еске сала кетсек, 17-19 қыркүйек аралығында РФ Мемлекеттік думасының VIII шақырылымына сайлау өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары