$ 494.87  520.65  4.91

«Жап аузыңды, бл*дь»: жетімдер үйіндегі жантүршігерлік ВИДЕО желіге тарап кетті

Бейнежазбаны жүйкесі жұқа адамдар көрмегені дұрыс.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

"Жанұя" жетімдер үйіндегі жантүршігерлік видео желіге тарап кетті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бейнежазба Алматыдағы "Жанұя" жетімдерге арналған мамандандырылған кешенде түсірілген деген дерек бар. Бірақ, оқиға дәл қашан болғаны белгісіз.

Видеода көрініп тұрғандай, жетім қыз ол жерден кеткісі келіп, киімін сұрап тұр. Бірақ, тәрбиешілер де, ондағы балалар да оны жібермек емес. Не тәрбиеші, не сол жерде тәрбие алып жүрген қыз екені белгісіз, баланы қатты ұрып, балағаттап тұрғанын анық көруге болады.

Қызды ұрып-соғып жатқан жерде тәрбиеші де жүргенін көруге болады. Алайда, ол араша түсіп жатқан жоқ. Әлеуметтік желідегі халық жетім баланы ұрып-соғып жатқан қызды тез арада тауып, шара қолдану керек деген ызалы пікірлерін жазып жатыр.

Айта кетейік, "Жанұя" атты бұл кешен жетім, даму жүйесінде тежеуі бар балаларға арналған мамандандырылған кешен.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ. Бейнежазбада балағат сөз бен зорлықтың белгілері бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары