$ 494.87  520.65  4.91

«Қасы мен шашын қырып тастаған»: Павлодарда ауылдасының үйіне мал союға кеткен ер адам үйіне табытпен оралды (ВИДЕО)

Түнде қайтыс болған адамды түскі бірге дейін ауылға айтпаған.

Павлодарда Сарықамыс елді мекенінің 48 жастағы тұрғыны ауылдасының үйіне мал союға кеткен  күйі оралмаған. Ал туыстары оның мәйітін бір күн өткен соң, сол үйден тауыпты. Марқұмның неден көз жұмғаны белгісіз. Жақындарының айтуынша, оның  шашы мен қасын қырып тастаған деп хабарлайды Астана телеарнасы.  

Ауылдасының үйіне өз аяғымен кеткен Тұрысбек Қабдыраш шаңырағына табытпен оралды. Туыстары оның өліміне ауылдасын айыптап отыр. Өйткені оқиға болатын күні марқұмды ауылдасы жылқы союға көмектесуін сұрап, өзі келіп ертіп кеткен.    

"Жоқ деп мені үйіне кіргізбей қойды. Жазғы үйінде өлі күйінде жатыр екен. Жазғы үйдің іші тамшы-тамшы қан жатты. Жан сақтап отырған жұбайымнан айырылдым. Енді қалай күн көрем", - дейді марқұмның әйелі Цэцэггүл Түркістан.

Ал марқұммен  сол күні бірге болған елдімекеннің бір тұрғыны ештеңе көрмегенін айтты. Тіпті, ол не болғанын да білмеймін деп отыр.

"Мызғып кетіппін үстелде. Қасты алып тастапты. Сол екі ортасын білмеймін. Білмеймін қай кезде алып тастағанын. Мен кеткен кезде Тұрысбек үстелде ұйықтап жатты. Алматта да, Пашка да болған жоқ", - деді оқиға куәгері Талғат Жүсіпов.

Ал жақындары болса, марқұмды зорлықпен өлтірген болуы мүмкін деп отыр. Мәйітті көрген куәгерлер оның қасы мен шашын қырып тастағанын айтады.

"Түнде қайтыс болған адамды түскі бірге дейін ауылға айтпаған. Әйелі іздеп барған сұраған. Қасын ұстарамен қырып алып тастаған. Шашын жартылай ұстарамен алып тастаған", - дейді көршісі Мұрат Батталұлы.

"2021 жылдың 14 қыркүйегі күні Екібастұзға ауылдық аймағына қарасты ауылдардың біріндегі жазғы ас үйден 1973 жылы туылған адамның мәйіті табылды. Денесінде зорлық іздері болған жоқ. Сараптама қорытындысы бойынша  өлімге алкоголдік интоксикация себеп болған", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова.

Марқұмның туыстары оның арақтан өлді дегеніне сенбейтіндерін айтады.  

Күдікті бұрын  ауылда  учаскелік полиция  болған дейді.  Қазір зейнеткерлікке шыққан. Сондықтан ол жазадан сытылып кете ме деп қорқады.

"Мәйіт сол шалқасынан жатыр екен. Көп жатып қалғанға ұқсайды. Қап-қара боп кеткен. Басы ісіп, адам танымайтындай болып кеткен. Сол жігіттің денсаулығы мықты еді. Тепсе темір үзетін азамат еді", - дейді туысы Манат Саят. 

Туыстарының атйуынша, күдіктенген адам қанды оқиғадан кейін ауылдан кетіп қалған. Онымен хабарласу мүмкін болмай тұрған көрінеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары