$ 487.37  532.94  5.09

Солтүстік Қазақстанда өзіне-өзі 60 млн сыйақы берген шенеуніктер ұсталды

Заң бұзушылықтарды жою үшін экономика және қаржы бөліміне қажетті бұйрық берілді
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер өздеріне негізсіз 60 млн теңге сыйақы тағайындағандары белгілі болды.

Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Тексеріс кезінде мемлекеттік қызметкерлер жергілікті бюджетті өз еріктерімен бөліп алып, аудандық аппаратты ұстауға бөлінетін қаржыны ұлғайтып отырған. Салдарынан қызметкердің жалақысы 3 есеге көбейіп кеткен.

– Қызылжар облыстық экономика және қаржы басқармасы қызметкерлеріне 60,6 млн теңге көлемінде негізсіз сыйақы белгілеу фактісі анықталды, – деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Талғат Кенжебаев.

Бөлім басшысы жауапқа тартылды. Заң бұзушылықтарды жою үшін экономика және қаржы бөліміне қажетті бұйрық берілді. Іс ары қарай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#СҚО #сыйақы