$ 487.37  532.94  5.09

Полиция Алматыда балалар үйінде қыздың соққыға жығылуына қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)

Бұған дейін видео әлеуметтік желіде пайда болған еді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласының полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов балалар үйінде қызды ұрып-соғып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Бұған дейін видео әлеуметтік желіде пайда болған еді. Онда бір қыздың екінші қызды ұрып жатқанын көруге болады. Жандарында ересектер тұр, алайда олар қызға араша түспеді. 

"Бүгін (15.09.2021) аталған факт бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы тексеру ұйымдастырды, видеоға "Жанұя" мамандандырылған кешенінің екі тәрибеленушісінің (2004 және 2005 жылғы) жанжалы түсірілген. Оқиға 3 қыркүйекте болған", - деп жазды Рустам Абдрахманов Instagram парақшасында.
Бұл оқиға бойынша бұған дейін полицияға ешкім шағым түсірмегенін.

Рустам Абдрахмановтың айтуынша, қазіргі күні оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады.

Назар аударыңыз, видеода бейәдеп сөздер бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары