Қоғаммен байланыс жөніндегі маман Әлішер Елікбаев әлеуметтік желілерді Қазақстанда өз өкілдігін ашуға міндеттейтін заң жобасына қатысты inbusiness.kz-ке өз пікірін білдірген екен, деп жазады zakon.kz.
Сарапшы бүй дейді:
– Бәрімізді тырп еткізбей, бақылап-басқаруға тырысу – мемлекеттің қанында бар нәрсе. Сөйте тұра адал ниетті болып көрінгісі келеді, бірақ құбыжықтығын бәрібір байқатып қояды. Буллингтің бұған түк қатысы жоқ. Шындық мынау: мемлекеттік тапсырысқа ғана қарап отырған дәстүрлі БАҚ-тарға ешкім сенбейді, ал мессенджерлер мен желілердің бірдеңе қылып үнін өшіру керек билікке. Ең сорақысы, бұл шолақ бастаманы мен демократ деп ойлап жүрген Айдос Сарым көтеріпті. Egov бойынша ресейлік Сбербанк меморандумы мен әлеуметтік желілерді шектеу туралы заң жобасын ресейліктер тықпалап отырғаны айқын білініп қалды. Бақылау, жабу, шектеу деген дарақы істерге Кремльдің қолы құмар. Беларусьтен кейін енді біздің Ресейдің құлы болатынымыз мені қатты қынжылтады. Ресей не істесе соны қайталап, толық "астына жата салдық". Талай жыл бойы Тәуелсіз мемлекет құрып жатырмыз дегеніміз өтірік болғаны ма? Ресейдің адал құлы екенімізді көрсету үшін біз де шетелдік агенттердің көзін құртып, мессенджерлерді шектеп, еркінсүйгіштіктен бас тартуымыз керек пе? Біз Ресей Думасының калькасы болдық, оларда Мизулина, Яровая, Милонов болса, бізде Айдос Сарым бар. Бұл репрессиялық механизм сияқты, ертең жүйеге қауіпті саяси белсенділерді бопсалау үшін ойлап табылған. Сондай ойға қалады екенсің, депті Елікбаев.