Жаңалықтар 16.09.2021 сағат 21:49

Қазақстан Ираннан 53 қазақты көшіріп әкелді

Қазақстанға барлығы 20 отбасы келген.
Қазақстан Ираннан 53 қазақты көшіріп әкелді
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кеше, 15 қыркүйек күні Қазақстанға Ираннан 53 ұлты қазақ азамат көшіп келді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Иран ислам республикасының Горган қаласынан 53 адам Қазақстанға қоныс аударды. Олар Ақтау қаласында 2-3 күн аялдап, құжаттарын реттейді. Жатақханаға орналастырамыз. Құжаттарын реттеу жұмыстары аяқталғаннан соң Нұр-Сұлтан қаласына аттанады. Кейін көші-қон бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныстанады" деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов.

Ақпаратқа қарағанда, Қазақстанға барлығы 20 отбасы келген. Ресми мәлімет бойынша, Иранда шамамен үш мыңнан астам қазақ тұрады. Бір апта бұрын Қазақстан үкіметі билігі "Талибан" қозғалысының қолына өткен Ауғанстаннан 35 қазақты елге көшіріп әкелген еді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар