$ 494.87  520.65  4.91

Жамбылдағы жарылыс: Журналисті полицейлер не үшін тергегені белгілі болды

Полиция департаментіндегілер Жамбылдағы жарылыс оқиғасына байланысты екі БАҚ-тың журналистері мен блогер куәгер ретінде шақырылғанын алға тартып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облыстық Полиция департаменті электрондық ресурстар арқылы жалған хабарламаларды жариялау дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Редакцияның сауалына жауап берген Полиция департаментіндегілер Жамбылдағы жарылыс оқиғасына байланысты екі БАҚ-тың журналистері мен блогер куәгер ретінде шақырылғанын алға тартып отыр.

"Электрондық ресурстар арқылы жалған хабарламаларды жариялау дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған байланысты екі басылымның журналистері мен блогер куәгер ретінде шақырылып, сұралды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тексеру шаралары жүргізілуде. Жиналған материалдардың нәтижелері бойынша тиісті құқықтық баға берілетін болады" — деп мәлімдеді өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Алайда куәгер ретінде шақырылған тілшінің ұялы телефоны неліктен айғақ зат ретінде тәркіленіп алынғаны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, бұған дейін Байзақ ауданындағы әскери базада болған жарылыстан кейін жергілікті кәсіпкердің ауласынан табылған снарядтар туралы ақпарат таратқан журналист Данияр Әлімқұлдың тергеуге шақырылғаны туралы жазылған болатын. Құзырлы органдағылар журналисті төрт сағат сұрақтың астына алып, артынан ешкімге тіс жармау туралы қолхат жаздырып, тіпті ұялы телефонын айғақ зат ретінде тәркілеп алғаны белгілі болған.

Ал облыстық прокуратурадағылар журналистің үстінен Жамбыл облыстық әкімдігі шағым түсіргенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары