Қазақстанда кейінгі тәулікте 3 081 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 081 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 854 742-ге жетті".
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 338, Алматы қаласында - 651, Шымкент қаласында – 102, Ақмола облысында – 170, Ақтөбе облысында - 224, Алматы облысында - 252, Атырау облысында - 98, Шығыс Қазақстан облысында - 114, Жамбыл облысында - 71, Батыс Қазақстан облысында -103, Қарағанды облысында - 392, Қостанай облысында - 140, Қызылорда облысында - 64, Маңғыстау облысында - 40, Павлодар облысында - 198, Солтүстік Қазақстан облысында - 72, Түркістан облысында - 52.
Сонымен қатар, Қазақстанда 4 763 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Нұр-Сұлтан қаласында - 514, Алматы қаласында - 1053, Шымкент қаласында - 64, Ақмола облысында - 248, Ақтөбе облысында - 582, Алматы облысында - 509, Атырау облысында - 458, Шығыс Қазақстан облысында - 123, Жамбыл облысында – 37, Батыс Қазақстан облысында - 20, Қарағанды облысында - 319, Қостанай облысында - 117, Қызылорда облысында - 63, Маңғыстау облысында - 183, Павлодар облысында - 411, Солтүстік Қазақстан облысында - 33, Түркістан облысында - 29. Елімізде барлығы 779 869 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2021 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 228 047 адам, 2-компонентін 6 059 729 адам салдырды.