$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда үйдің жертөлесінде жойқын жарылыс болды (ФОТО)

Жер үйдің жертөлесінде газ баллоны жарылып, салдарынан үш адам зардап шекті.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бейсенбі күні, 16 қыркүйекте Қостанайда жер үйдің жертөлесінде жарылыс болды. Куәгерлердің айтуынша, үш ер адам монтаждау көбігімен жұмыс істеп жатқан, деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.

"Бұл үйде үш ер адам монтаждау көбігімен жұмыс істеп жүрген, қабырғаны тығыздап жатты. Бөлмеде газ жиналып қалды. Ер адамдардың бірі тұтанған темекімен жертөлеге түсті. Салдарынан жарылыс болды. Бәрінің денесі қатты күйді, ауыр хәлде жатыр", - деді оқиға куәгерлері.

Зардап шеккен үш адам да Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілген.

"1995 жылғы ер адамның басын, кеудесі мен аяқ-қолын үшінші дәрежелі күйік шалды, терісінің 80%-і күйді. 1984 жылғы ер адамның терісінің 35%-і күйді, басы, кеуде тұсы мен тыныс жолдарын үшінші дәрежелі күйік шалды. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр", - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Ал 1983 жылғы үшінші азаматтың беті мен басының бір бөлігін екінші дәрежелі күйік шалған, барлығы 12%. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары