17.09.2021, 13:00

Тоқаевтың қатысуымен Душанбеде өтетін іс-шаралар тікелей эфирден көрсетіледі

Фото: inform.kz
«Хабар 24» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетуді ұйымдастырды.

Президенттің қатысуымен Душанбе қаласында өтетін іс-шаралар «Хабар 24» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және ҰҚШҰ мен ШЫҰ құрамындағы елдер басшыларының отырысына қатысады. Президенттің баспасөз қызметі Душанбе қаласында өтетін іс-шараларды «Хабар 24» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетуді ұйымдастырды.

Басталуы: Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағ.11:30», деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.