Cиноптиктер 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
«Республикамыздың батыс аудандарына солтүстік антициклон әсер ете бастайды – ауа температурасының төмендеуі байқалады. Қазақстанның қалған территориясына солтүстік-батыс циклоны өз әсерін сақтайды, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстік пен шығыста жел күшейеді», - делінген хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Павлодар облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік-батысында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі, күндіз желдің 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстік-шығысында найзағай ойнап, батысы, солтүстік-батысы мен солтүстік шығысында жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күшейеді.
Күндіз Түрістан облысының тауларында найзағай, солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында 3 градус үсік түседі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.