$ 498.34  519.72  4.85

Нұр-Сұлтанда ер адам өз көңілдесі мен пәтер иесін пышақтап өлтірді

Көңілдестер арасында жанжал туындап, күдікті әйелді пышақтап тастағаны анықталды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда ер адам өзінің көңілдесі мен өздері жалдаған пәтер иесін өлтірді деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

16 қыркүйекте сағат 10.00-де 102 арнасына пышақ жарақаттары бар 26 жастағы әйел мен 68 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргізді. Бұрын марқұммен бірге тұрған 34 жастағы азамат адам өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Көңілдестер арасында жанжал туындап, күдікті әйелді пышақтап тастағаны анықталды. Жанжалға қатысып, қызды қорғап араша түспекші болған 68 жастағы пәтер иесіне де бірнеше рет пышақ салған. Содан кейін ол қылмыс орнынан ізін суытқан. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары