19.09.2021, 18:16

Қарағанды облысындағы дала өрті: бір адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзі
Зардап шеккендер Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғындары.

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде денесінің 90 пайызын күйік шалған 48 жастағы ер адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Қарқаралы ауданының тағы екі тұрғыны ауруханада жатыр. Олардың денесінің 18 және 28 пайызы күйген. Олардың жағдайы тұрақты, дейді дәрігерлер.

Еске салайық, зардап шеккендер Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғындары. 

Бір күннің ішінде құтқарушылар 6 дала өрті мен өрт шығу ошақтарын жойды. Өрт Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында 3 мың гектар аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге 300-ден аса адам мен 90-нан аса техника жұмылған.