$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда еріктілер қозғалысы өте қарқынды дамып келеді

Десе де, адамдарды ерікті түрде тегін жұмыс істегенде  не қызықтырады?
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Волонтерлік – бұл  ерікті түрде және ақысыз орындалатын кез келген жұмыс. Тар шеңберде алсақ, бұл еріктілер бүкіл қоғамның немесе жекелеген осал топтардың (балалар, мүгедектер, үйсіз адамдар) игілігі үшін жүзеге асырылатын ұйымдасқан қызмет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 2020 жыл Қазақстанда еріктілер жылы деп жарияланды. Мемлекет басшысы волонтерлікті ұлттық деңгейде ғана емес, әрбір қала мен ауылда да дамыту қажеттігін атап өтті.

Волонтерлік жастар үшін – бұл көбінесе, тәжірибе жинаудың және болашақ мансапқа қажетті байланыстар орнатудың ең оңтайлы тәсілі. Десе де, адамдарды ерікті түрде тегін жұмыс істегенде  не қызықтырады? Волонтерлардың бұл жөнінде не ойлайтыны Skifnews.kz тілшілерін де қызықтырды.

1. Әлеуметтік тәжірибені кеңейту. Басқа әлеуметтік топтардың өкілдеріне көмектесіп, олармен ынтымақтаса отырып, еріктілер жаңа таныстар тауып қана қоймай, мәдени айырмашылықтардан туындаған стереотиптер мен кедергілерді жеңуді үйренеді. Еріктілік басына іс түскен адамдардың қандай проблемаларға тап болатынын және оларға қалай көмектесуге болатынын түсінуге көмектеседі.

2. Кәсіби дағдылардың өсуі. Волонтерлік тәжірибе академиялық білім беруді алмастырмайды, бірақ оны керемет толықтырады және кеңейтеді. Өз мамандығының бейіні бойынша ерікті жобаларға қатысқан студенттер материалды әлдеқайда тереңірек түсініп, теориялық білімдерін нақты проблемалармен байланыстырып, өздерінің болашақ мамандықтарының мүмкіндіктерін неғұрлым анық көрсете бастағандарын мойындайды.

3. Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту. Әлеуметтік маңызы бар жобалардағы жұмыс адамдардың дүниетанымы мен құндылықтарын өзгертеді, түсінікті арттырады және басымдықтарды өзгертеді. Көптеген еріктілер болашақ өмірді қоғамдағы гуманистік идеялар мен қағидаларды әрі қарай  ілгерілетумен байланыстыруды жоспарлап отыр.

4. Жеке тиімділікті арттыру. Пікірлестер командасындағы кәсіби міндеттерді табысты шеше отырып, еріктілер өз күштеріне сенімдірек болады және өз жобаларын жоспарлауды және ұйымдастыруды үйренеді. Қатысушылар коммерциялық емес немесе мемлекеттік ұйымдардың жұмысына іштей қарап, оған өздері қатыса алады. Бұл уақытты басқаруды және көшбасшылық дағдыларды немесе топтағы әріптестерді ынталандыруды үйретеді.

Ұзақ мерзімді перспективада волонтерлік сапалы білім алу, басқа ұлт өкілдерімен сәтті қарым-қатынас жасау мүмкіндігін арттырады, рефлексия қабілетін дамытады. Еріктілер әлеуметтік жауапкершілікке ие болады және қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге әрдайым дайын тұрады.

Психологтар волонтерлік жұмыс әлеуметтік құзыреттілікті, шығармашылық және зияткерлік белсенділікті дамытуға және ерекше жағдайларда тиімді әрекет ете білуге көмектесетінін айтады.

Дегенмен, еріктілер өз уақыты мен күшін беріп, орнына тек рухани тәжірибе алады деп айту қате. Жаңа дағдылар мен әдеттерден бөлек, бүгінгі күні аз болса да, материалдық ынталандыру алуға мүмкіндік бар.

Жалпы алғанда, статистика бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда еріктілер қозғалысы өте қарқынды дамып келеді. Егер 2017 жылы 100-ге жуық ұйым белсенді жұмыс істесе, бүгінгі күні 200-ден астам ұйым өздерінің волонтерлік қызметін жалғастырып келеді. Сонымен қатар, жеке бастамашыл топтар бар екенін де атап өткен жөн. Бүгінде еріктілер қозғалысына 50 мыңнан астам адам тартылған.

Волонтерлер – бұл тек жастар деген стереотип қалыптасқан. Алайда, бүгінде  волонтер – бұл өте белсенді азаматтық ұстанымы, кәсіби тәжірибесі, жұмыс орны, білімі бар 35-40 жастағы тұлға. Еріктілер – ең алдымен, өз тағдырына, өз өлкесінің тағдырына, жалпы қоршаған ортаға бей-жай қарай алмайтын адамдар. Олар сонымен қатар, сөзбен емес, нақты іс-әрекеттермен көршісіне, қоғамға көмектесуге, қоршаған әлемді, өз елін өзгертуге әркез дайын тұратын мейірімді, қайырымды адамдар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары