$ 494.87  520.65  4.91

Асхат Аймағамбетов Пермьде қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Аймағамбетов Қазақстан президенті Тоқаев бұған дейін білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілгендігін еске салды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Пермь университетінде қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты. Ол өзінің жазбасын Facebook-те жариялады.

– Бұл қайғылы оқиғалар елдегі мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында балалардың қауіпсіздігін жақсарту қаншалықты маңызды және қажет екенін көрсетеді. Олардың қауіпсіздік мәселесі білім беру мекемесінің әрбір басшысының басты міндеті болуы тиіс, – деді министр.

Аймағамбетов Қазақстан президенті Тоқаев бұған дейін білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілгендігін еске салды. Бұл мәселе Үкімет отырысында жан-жақты қаралып, әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

– Университеттер басшылығына оқу корпустарында да, жатақханаларда да қауіпсіздікті күшейту бойынша жеке нұсқаулық берілді: жабдықтарды түгендеу, жедел басқару орталығына бейнекамералардың шығуын қамтамасыз ету, университеттерге кіру режимін күшейту және дағдарыс жағдайындағы іс-әрекеттер бойынша тренинг сабақтарын өткізу.

Қазіргі уақытта министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірге білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру туралы құжатты әзірледі. Осы РҚА жобасын қоғамдық талқылау кезінде бізге бұрын-соңды болмаған сұрақтар мен ескертулер келіп түсті – 2000-нан астам, – деп жазды Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, мұндай қауіпсіздік шаралары қоғамда түсініспеушілік тудырды. Бірақ ол барлық жауапкершілікті өз мойнына алды.

– Әр оқу орнында барлық қауіпсіздік шаралары қолданылуы керек. Әкімдіктер бұл мәселені кешенді шешу үшін қосымша қаражат бөледі, – деді Асхат Аймағамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары