Жаңалықтар 20.09.2021 сағат 16:00

Алматыда отбасылық демалыс саябағы салынады

Alem Park - жай ғана саябақ емес, түрлі-түсті шабындықтары, сәулеттік құрылымдары, арқан саябағы, альпинистік қабырға, жайлы кафелер мен басқа да көптеген ойын-сауықтары бар тұтас қала.
Алматыда отбасылық демалыс саябағы салынады
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматының Наурызбай ауданында отбасылық жаңа Alem Рark демалыс орны салынады. Қала күні отбасылық демалыс саябағы таныстырылды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жобамен танысты.

"Наурызбай ауданы әкімдігінің маңындағы 4,56 гектар аумақта ескі саябақтың орнына жаңа саябақ салынады. Мұнда ауданның ғана емес, бүкіл қала тұрғындары отбасымен және достарымен уақыт өткізуге, жаңа аттракциондарға мінуге, аллеяларда серуендеуге және таза ауада тамақтануға келеді. Саябақта 44 аттракцион мен 4 фудкорт болады.

Балалар батутта секіре алады, виртуалды шындық әлеміне енеді, үшінші қиындық деңгейіндегі арқан жолынан өтеді, лабиринттен шығудың жолын табады, өзінің Lego үйін салады және, әрине, туған күнін тойлай алады", -  делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Ақпарат бойынша, Alem Park - жай ғана саябақ емес, түрлі-түсті шабындықтары, сәулеттік құрылымдары, арқан саябағы, альпинистік қабырға, жайлы кафелер мен басқа да көптеген ойын-сауықтары бар тұтас қала.

Саябақтың негізгі идеясы - көркем табиғат ландшафтын заманауи ойын-сауық технологияларымен үйлестіру, мұнда балалар мен ересектер үшін демалыс пен ойын-сауық біріктіріледі. Әр түрлі мастер-класстар, отбасылық жарыстар, балалар кештері, аниматорлардың қатысуымен ашық ауада ойындар өтеді.

Айта кетерлігі, саябаққа 500-ге жуық ағаш отырғызылады. Осы жобаны жүзеге асырудың арқасында Алматыда жаңа үлкен демалыс және ойын-сауық саябағы пайда болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар