$ 498.34  519.72  4.85

Сағынтаев Алматыдағы атыста қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Атысты бастаған адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласындағы атысты қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты. 

"Алатау ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Барлық тиісті көмек пен қолдау көрсетіледі", - деп жазды ол twitter-дегі парақшасында.
Алматыдағы атыс

Алматыда Алатау ауданы Ақбұлақ шағын ауданындағы Сыздықов көшесінде 5 адамды атып өлтірді. 

Екеуі полицей және бір сот орындаушы, тағы екі адамға қатысты ақпарат нақтыланып жатыр.

Трагедия шамамен сағат 17:00-де болған. Сот орындаушысы мен полицейлер сот үкімін орындауға келген. Сол кезде баспананы босатуға міндетті ер адам үйге кіріп кетті де, заңды түрде тіркелген қарудан сот орындаушысы мен аулада тұрған адамдарға оқ атты. Қайтыс болғандардың ішінде біздің екі қызметкеріміз, сот орындаушы және тағы екі адам бар.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 

Ондай қылмыс үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #атыс