$ 449.58  486.94  4.86

Оралда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Жедел жәрдем көлігі шұғыл шақыртуға бара жатқан.

Оралда жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 20 қыркүйек күні шамамен сағат 20.30-да М.Шолохов пен С.Тюленин көшелерінің қиылысында болды. Жедел жәрдем көлігі мен «Лада» автокөлігі соқтығысып, жедел жәрдем көлігі аударылды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем бригадасы жарық және дыбыс белгілерімен шұғыл шақыртуға кетіп бара жатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал