$ 444.22  476.38  4.82

Атыс болған Пермь университетінде қанша қазақстандық студент оқиды?

Олардың ешқайсы зардап шекпеген.
Скриншот: РЕН-ТВ
Скриншот: РЕН-ТВ

20 қыркүйекте 18 жастағы студент атыс шығарған Пермь мемлекеттік университетінде 22 қазақстандық студент оқиды. Олардың ешқайсы оқиға кезінде зардап шекпеген. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінен хабарланды.

Ведомство мәліметінше, қазақстандық студенттердің ешқайсы елшілікке жүгінбеген.

«Біздің ақпарат бойынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», - делінді ведомствоның баспасөз қызметінен.

20 қыркүйекте Пермь қаласындағы ұлттық зерттеу университетінде атыс болды. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, атыс салдарынан кемінде алты адам қаза тапқан және 20-дан астам адам зардап шеккен.

Университетте болған атысты Тимур Бекмансуров есімді Перм қаласының тұрғыны өз мойнына алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#атыс