Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Менің ең жек көретін адамдарым қазір – риелторлар. Жек көрем мен сендерді! Шынымен де, әркімнің өзінің жұмысы ғой. Бірақ шамадан тыс үстеме сұрайтындарды түсінбеймін. Ұзақ іздеп жүріп, үй иесінен алдық, яғни риелторсыз. Сол айына 400 мың теңге төлеп, пәтерде тұрып жатырмыз", – деп ағынан жарылды ол.
Жұлдызды жұп алдымен асқақ армандарына жетуді көздейді. Ал баспана алуға әзірге асықпайды.
Концерттері шегеріліп, тойлары тоқтаса да, дубляждағы мансабы жүріп тұрған жұлдыздардың бірі – Қайрат Әділгерейдің несиеге жүгінген кездері болған екен. "Бірақ оған бүгінде қажеттілік жоқ", – деген Қайрат: "Адам өз қауқарын өзі біледі ғой. Көтере алмайтын шоқпарды белге байласа, әрине, қарызға батады", – дейді.
"Үкімет тарапына айтар әңгімем, кішкене халыққа ыңғайлы қылып, мына пайыздық жағын төмендету керек. Еуропадағыдай 3-8 пайыздың аралығында. Бізде білесіз ғой 23, 29, 19,17. Тіпті 60 мың доллар алатын болсаң кредитке, оны сен 172 мың қылып қайтарасың. Бұл масқара ғой! Сондықтан да осы жағын кішкене қарастырса?! Былайша кредит, ипотека деген өте қолайлы дүние", – деді ол.